Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Хоккей

Астана қалалық әкімдігі

Елордадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Айтулы бәсекеге Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия және Ұлыбритания командалары қатысады деп күтіліп отыр. Айта кетейік, следж-хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы С пулындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, В тобына жолдама алған еді.

Біз «B-Pоol» жарысына алғаш рет қатысамыз. Астана қаласының құрама командасынан құралған хоккейшілер мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Таиландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болдық. Жалпы Қазақстанда пара хоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған болатынбыз. Содан бері жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына көмектесті. Айта кетейік, «B-Pоol» пара хоккейден әлем чемпионаты тоғызыншы рет өтіп, Азияда үшінші рет өткізіледі, - деді команда мүшесі Қайрат Сабыров.