Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Теннис

Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 76-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен ойнады.

Бірінші партияны даниялық спортшы өз пайдасына аяқтады – 6:3.

Екіншісінде тай-брейкте Юлия есе қайырды – 7:6 (7:5).

Осыдан кейін Таусон жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында К.Таусон 5 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 48-інші, жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен таласады.

Ол екінші айналымда рейтингте 129-сатыдағы қытайлық Чжу Сян Байдың меселін қайырды – 6:1, 6:2.