Жәмилә Бақбергенова үшінші жыл қатарынан жартылай финалда

Жәмилә Бақбергенова үшінші жыл қатарынан жартылай финалда
Күрес

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында әйелдер арасында 72 келі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз Жәмилә Бақбергенова жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ол ширек финалда Ресей тумасы, бірақ бейтарап атлет ретінде өнер көрсетіп жатқан Ксения Буракованы жеңді. 

 Енду финалдың жолдамасын моңғолиялық Дааванасан Енкх Амармен сарапқа салады. 

 Жартылай финалдық бәсекелерді сағат 20:45-те qazsporttv.kz сайты арқылы көре аласыздар. 

 Айта кетейік, Жәмилә осымен үшінші жыл жартылай финалға шығып отыр. Бұған дейін екі рет күміс алған. Үш дүркін Азия чемпионы.