Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингте бірден 374 орынға көтерілді

Теннис
Қазақстанның жеке разрядтағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық разрядтағы әйелдер рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жұптық разрядта ол бірден 374 позицияға көтеріліп, қазір 323-ші орында тұрақтады.
Бұған дейін Путинцева Осакада (Жапония) өткен WTA 250 жұптық турнирінің финалына жетіп, жеңіліп қалған еді.
Жұптар арасындағы ең үздік нәтижеге әзірге қазақстандық теннисші Анна Данилинада. Ол қазір 32-ші орында тұр.