Дэвис кубогы: Қазақстан мерзімінен бұрын келесі кезеңге өтті

Дэвис кубогы: Қазақстан мерзімінен бұрын келесі кезеңге өтті
Теннис

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогынің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы корт иесін ұтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Алдымен, Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов Болгария сапынан Димитар Кузмановты жеңген. Есеп – 6:4, 6:3. Екінші кездесуде әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевты оңай жеңді.

Сосын жұптық сында Қазақстаннан Александр Бублик пен Александр Недовесов болгариялық Александр Донски - Александр Лазаров тандеміне есе жіберіп алды.

Ал төртінші ойында Бублик Димитар Кузмановтың осал тұсын тапты. Жерлесіміз қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.