«Қайрат» футболшылары Никосияда «Омонияға» қарсы жаттығу өткізді

«Қайрат» футболшылары Никосияда «Омонияға» қарсы жаттығу өткізді
Футбол

«Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» Кипр астанасы Никосия қаласындағы «ГСП» стадионында «Омония» клубына қарсы матч алдындағы ресми жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz- ке сілтеме жасап. 

Бұл кездесу UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойын болмақ.

Кеше «Қайрат» футболшылары мен бапкерлер штабы Кипрге аман-есен ұшып барып, бірден Никосия қаласына бет алған болатын. Содан соң алматылық ұжым ойын өтетін стадион көгалына бейімделу және тактикалық сызбаларды пысықтау үшін жаттығу өткізді.

Дисквалификация мерзімі аяқталған қорғаушы Александр Мартынович пен жартылай қорғаушы Яакко Оксанен командаға қайта қосылды.