Эльжана Таниева әлем чемпионатын қорытындылады

Эльжана Таниева әлем чемпионатын қорытындылады
Басқа

Испанияның Валенсия қаласында көркем гимнастикадан 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.  Ал ұлттық құрама үздігі Эльжана Таниева жарысты қорытындылады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Үшінші әлем чемпионатым мәресіне жетті. Алдымен бапкерлеріме, дәрігерлер мен мені қолдаған барша жанға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия ала алмадым. Десе де, мойымаймын, әлі де мүмкіндігім бар. Сондықтан жұмыс істеуді жалғастырып, жолдама үшін барымды саламын! 

Рақмет, Валенсия! Оысндай керемет атмосферада сайысқа түскенім үшін ризамын, қолдауларыңызға рақмет! Қолымнан келетіннің бәрін жасауға тырысамын", - деп жазды спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Эльжана Таниева әлем чемпионатының доппен жаттығуының финалы қорытындысында жетінші орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде ел намысын 7 спортшы қорғағанын айта кетейік.