“Қайрат” Португалиядағы турнирде жеңімпаз атанды

“Қайрат” Португалиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Басқа

Алматылық “Қайрат” футзал клубы Португалиядағы Record International Masters Cup  2023 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Қайрат” турнирдің соңғы ойынында “Брагамен” кездесіп, Денер Родригоның матч соңында соққан голының арқасында 1:0 есебімен деңіске жетті. 

Осылайша, алматылық клуб Портиманда топтық кезең форматында өткен жарыста жеңімпаз атанды. “Қайрат” оның алдынба “Спортингті” 6:3, ал “Бенфиканы” 5:2 есебімен жеңген болатын.