Семсерлесуден Азиадаға баратын ұлттық құрама анықталды

Семсерлесуден Азиадаға баратын ұлттық құрама анықталды
Басқа

Olympic.kz

Семсерлесуден 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ханчжоуда өтетін дүбірлі додада Қазақстан атынан 16 спортшы өнер көрсетеді.

Сапы: Руслан Құрбанов, Эльмир Алимжанов, Шарлаимов Вадим, Ерлік Сертай, София Николайчук, Ульяна Писцова, Александра Тамбовцева, Владислава Андреева.

Қылыш: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Мұхамедәли Рахманәлі, Жанат Нәбиев, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько. 

Айта кетейік, Қытайдағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтеді.