Месси Америка футболына баға берді

Месси Америка футболына баға берді
Футбол

“Интер Майами” шабуылшысв Лионель Месси америкалық командалар мен олардың ойынынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

”Соңғы бір жылда АҚШ-тағы футбол деңгейі біраз өсті деп ойлаймын. Бұл ұлттық құраманың соңғы нәтижелерінен айрықша байқалады. Әлем чемпионатында команда жақсы ойнап, қарсыластарымен тең дәрежеде өнер көрсете алды. Бәсекеге қабілетті команда болды. 
Мексикалық футбол деңгейіне жақындап қалды. Бұны Лигалар Кубогы дәлелдеді. Финалда бірде-бір мексикалық команда болған жоқ. Біраз сөз таластыруға болады, десе де барлық матч тең деңгейде өтті. Кез келген команда қарсыласын жеңіп кете алатын еді. 
MLS-те де осы жағдай қайталанып жатқандай көрінеді. Бұл турнирде кез келген команда жеңіске жете алады. Лигада алаң иелерінің басымдығы мол, сыртта жеңіске жету қиын,” - деп жазады ESPN Мессидің сөзін.

Айта кетейік, Месси жазғы трансферлік кезеңде америкалық “Интер Майамиге” ауысқан еді.


. «Интер Майами» в летнее трансферное окно. В нынешнем сезоне аргентинец принял участие в шести матчах, в которых записал в свой актив девять голов и одну результативную передачу.