Месси “Интер Майами” сұрмергендері жарысында үздік үштікке енді

Месси “Интер Майами” сұрмергендері жарысында үздік үштікке енді
Футбол

“Интер Майами” шабуылшысы Лионель Месси клубтың үздік сұрмергендері жарысында үздік үштікке енді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

36 жастағы аргентиналық форвард “Интер Майами” құрамындағы 6 матчта 9 гол соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол еншісінде 8 гол бар Роберт Тэйлорды басып озды. 

Америкалық клубтың үздік сұрмергендері тізімінің көш басында Гонсало Игуаин тұр - 29 гол. Ал екінші орында 16 гол соққан Леонардо Кампана тұр.