Хорватиядағы әлем чемпионатында он гандболшы жоғалып кетті
Басқа
Хорватияда гандболдан жасөспірімдер арасындағы (U19) әлем чемпионатында Бурунди құрамасының он спортшысы жоғалып кетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Munro Deportivo жазуынша, 2006 жылы туған он ойыншы Риекадағы университет ғимаратынан белгісіз бағытта шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастап кеткен.
Айта кетейік, Бурунди - Шығыс Африкада орналасқан әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі әрі мұндағы халық тығыздығы да жоғары. Ал Хорватия болса, Африка мен Азия елдерінің иммигранттары үшін Батыс Еуропаға өтуде ең тиімді ел болып саналады.