“Авангард” ҚХЛ-дағы ең қымбат трансферді жасады
Хоккей
ҚХЛ
Шабуылшы Владимир Ткачев омбылық “Авангардпен” келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Омбылық клубпен келісімге келмес бұрын форвард “Нэшвилл” мен “Сан-Хосе” ұсыныстарын қарастырған. Ал ҰХЛ клубтары Ткачевке жылына 1,1 және 0,9 млн доллар жалақы ұсынған. Десе де, ойыншы омбылық клубпен 3 жылдық келісімге келіп, жылына 101 млн рубль жалақы алатын болды.
Өткен маусымда да 27 жастағы шабуылшы “Авангард” намысын қорғап, 64 матчта 59 (23+36) ұпай олжалаған. Ал плей-оффтың 14 ойынында 14 (3+11) ұпайды еншісіне жазды.