Гонсалу Рамуш “ПСЖ-мен” бес жылға келісімшарт жасасуға келісті

Гонсалу Рамуш “ПСЖ-мен” бес жылға келісімшарт жасасуға келісті
Футбол

Чемпионат.com

Португалиялық шабуылшы Гонсалу Рамуш франциялық “Пари Сен-Жерменмен” келісімшарт жасасуға келісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Инсайдер Фабрицио Романоның жазуынша, футболшы клубпен 2028 жылға дейін арналған келісімшарт жасасады. Дереккөз мәліметінше, Рамуш португалиялық “Бенфикадан” франциялық клубқа сыйақыны қоса алғанда 80 млн еуроға ауысады. 

2022/2023 жылдар маусымында Гонсалу Рамуш 47 матчта 27 гол және 5 нәтижелі пасты өз есебіне жазды. Ал оны португалиялық клубпен келісімшарты 2026 жылғы маусым айының соңына дейін шақталған.