Сауд Арабиясының спорт министрлігі трансферлер үшіг 19 млрд еуро қаржы бөлген

Сауд Арабиясының спорт министрлігі трансферлер үшіг 19 млрд еуро қаржы бөлген
Басқа

Сауд Арабиясы спорт министрлігі трансферлер үшін 2030 жылға дейін 17 млрд фунт стерлинг, яғни 19,6 млрд еуро қаржы бөлген, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы журналист Бен Джейкобс өзінің Twitter парақшасында жазды. 

Сауд Арабиясы чемпионатына Криштиану Роналду, Карим Бензема, Роберто Фиримино, Эдуард Менди сынды ойыншылар ауысқан болатын. 

Сонымен қатар, “Әл-Хилаль” Мбаппе үшін “ПСЖ-ға” 300 млн еуро беруге, сонымен қатар шабуылшының өзіне жылына 700 млн еуро жалақы ұсынуға дайын екені туралы ақпарат тараған еді.

Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамыз күні басталады.