Эльжана Таниева Миландағы әлем Кубогын төртінші орынмен аяқтады

Эльжана Таниева Миландағы әлем Кубогын төртінші орынмен аяқтады
Басқа

Instagram/kazteam_official

Көркем гимнастикадан Италияның Милан қаласындағы әлем Кубогы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама үздігі Эльжана Таниева доппен жаттығудың финалындағы өнері үшін төрешілерден 32.100 ұпай алып, төртінші орынға тұрақтап, жүлдеден бір қадам жерде тоқтады. Отандасымыз көпсайыста 13-орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Миландағы бәсекеде ел намысын Эрика Жайлауова да қорғады. Ол көпсайыс нәтижесінде 20-орынға жайғасты.