Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік бестікке кірді

Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік бестікке кірді
Басқа

Instagram/drs_kz

Нысана көздеуден Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласындағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

45 мемлекеттен 600-ге жуық спортшының басын қосқан биылғы бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 3 санатта бақ сынады. Олар: винтовка (әйелдер), тапанша (ерлер), жылжымалы нысана (ерлер, әйелдер). Осы 3 санатта ел намысын қорғаған спортшыларымыз жалпы 10 медаль, оның 4 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте үздік бестікке енді.