Қазақтың пара волейболшылары Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды

Қазақтың пара волейболшылары Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды
Басқа

Пара волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жартылай финалда Қытай командасын 3:2 есебімен жеңген Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Паралимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды. Қазақстан соңғы рет 28 жыл бұрын, яғни 1996 жылы Атлантада өткен Паралимпиада ойындарына қатысқан еді. 

Былтыр пара волейболдан әлем чемпионатында Иран құрамасы топ жарып, Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алған. Сондықтан Қазақстан Азия біріншілігінің финалисі ретінде төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

Елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан Азия чемпионатының финалы 8 шілде күні өтеді. Отандастарымыз чемпиондық атақты Иран құрамасымен сарапқа салады.