Уимблдон: Бублик қарсыласын “баранкамен” жеңіп, үшінші кезеңге өтті

Уимблдон: Бублик қарсыласын “баранкамен” жеңіп, үшінші кезеңге өтті
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Жарыстың екінші айналымында амеркикалық Джеффри Вулфпен кездескен отандасымыз қарсыласын 6:3, 7:6, 6:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Осымен мансабында үшінші рет Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне шыққан Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін не Максимилиан Мартерермен, не Майкл Ммомен кездеседі.