Қазақстандықтар курс ашқан Сәбина Алтынбековаға шағым жасады
Tengrinews
“Қазақстанның ең сұлу волейболшысы” деп танылған Сәбина Алтынбекова курс ашып, қазақстандықтарды алдаған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Танымал спортшы мамыр айында қыздар қауымына арналған қауымдастық құратынын және оның тегін, тіпті қайырымдылық мақсатта жүргізілетінін айтқан. Кейіннен осы маусым айында курс ашып, сатылымға шығарған.
Журналист Михаил Козачков Сәбина Алтынбекова ашқан курстың тегін емес екенін, оның құны 290 мың теңге тұратынын жазады. Кейбір қатысушылар курсты бөліп төлеу арқылы сатып алған. Бірақ, олардың курста берілген білімге көңілі толмаған. Мұндай қымбат бағаға сатылған дүниеде ақпарат та көп болуы керек деп есептейді білім алушылар. Осы талаптары мен көңіл толмаушылықтарын курстың ортақ чатында жазған қатысушыларды ұйымдастырушылар топтан шығарып жіберген. Курсты сатып алғандар Сәбина Алтынбековадан ақшаны қайтаруды сұраған, бірақ волейболшы одан бас тартқан.