Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева бір сатыға жоғарылап, 50-орынға табан тіреді.
Ал жұптық сында өнер көрсететін теннисшілер рейтингісінде Қазақстан үздігі Анна Данилина 24-орнында қалды.
Әлемдік рейтингте польшалық Ига Швентек көш бастаса, белорусиялық Арина Соболенко екінші орында.