Қазақ дзюдошысы Grand Slam жарыстарындағы алғашқы жүлдесіне ие болды

Қазақ дзюдошысы Grand Slam жарыстарындағы алғашқы жүлдесіне ие болды
Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Астанадағы Grand Slam жарысының екінші сайыс күнінде Қазақстан қоржынына екінші қола медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спортшы Асқар Нарқұлов қола медаль үшін таласта грузиялық Джорджи Терашвилимен сынға түсіп, жеңімпаз атанды. 

Бұл осы “Үлкен дулыға” жарысында ел қоржынына түскен екінші қола жүлде және жалпы төртінші медаль. 

Бұған дейін дәл осы салмақта сынға түскен Данияр Шамшаев қола үшін болған бәсекеде отандасы Жансай Смағұловты жеңіп, Қазақстанға тағы бір медаль сыйлаған. Ал бірінші жарыс күнінде Мағжан Шамшадин алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізген еді.