Grand Slam: Данияр Шамшаев қолаға қол жеткізді

Grand Slam: Данияр Шамшаев қолаға қол жеткізді
Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barys Grand Slam жарысында ел қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

73 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Шамшаев қола жүлде үшін таласта тағы бір отандасымыз Дансай Смағұловпен шеберлік байқасып, тартысты белдесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл -тосы “Үлкен дулыға” жарысында ел қоржынына түскен үшінші жүлде. Алғашқы жарыс күнінде Мағжан Шамшадин чемпион атанса, Ғұсман Қырғызбаев күміс медальға ие болған еді.