Астанадағы Grand Slam: екінші жарыс күнінде ел намысын кімдер қорғайды
Сали Сабиров
Бүгін дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barys Grand Slam жарысының екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Беделді бәсекенің екінші сайыс күнінде 73 және 81 келі дәрежелерінде өнер көрсететін ерлер, 63 және 70 келідегі әйелдер татамиге шығады.
Grand Slam жарысының екінші күнінде ел намысын қорғайтын спортшылар:
Ерлер.
73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Дархан Қойбағар.
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Айбол Нысанәлі, Руслан Мұсаев, Бекәділ Шаймерденов.
Әйелдер:
63 келі: Эсмигул Куюлова, Мөлдір Нарынова, Анастасия Морозова.
70 келі: Роза Нысантайқызы, Анастасия Маякова, Диана Телбаева.
Екінші жарыс күнінің іріктеу сайыстары Астана уақытымен 11:30-да, ал финал 17:00-де басталады. Бәсекені “Qazsport” телеарнасы тікелей эфирінен көруге болады.