Бүгін Астанада дзюдодан Grand Slam жарысы басталады

Бүгін Астанада дзюдодан Grand Slam жарысы басталады
Дзюдо

Depositphotos

Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barys Grand Slam жарысы басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде 48, 52 және 57 келі салмақ дәрежелерінде өнер көрсететін әйелдер мен 60 пен 66 келіде бақ сынайтын ерлер жарыс жолына шығады. 

“Үлкен дулыға” жарысының бірінші күнінде қазақ қыздары арасынан Ғалия Тынбаева (48 келі), Сәрсенбек Нұрайлым (48 келі), Жанерке Асқарова (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Құндыз Жылқыбай (52 келі), Гаухар Ирмағанбетова (52 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Дана Абдирова (57 келі) бақ сынайды. Ал ерлерден Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Мағжан Шамшадин (60 келі), Сейілхан Қанат (60 келі), Дәурен Суюкенов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ермек Амангелді (66 келі), Айболат Ыстыбай (66 келі), Сұңғат Жұбатқан (66 келі) өнер көрсетеді.

Жарыстың іріктеу сайыстары Астана уақытымен 10:30-да басталады. Ал финалдық бәсеке 17:00-де басталады деп жоспарланған. Дзюдодан “Үлкен дулыға” жарысын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.