Бірнеше қазақ ауыр атлеті допингпен ұсталды

2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан ағымдағы жылдың 17 сәуірінде қабылданған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.
Осылайша, оң нәтиже келесі спортшыларда табылды: Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлы.
2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Халықаралық тестілеу агенттігінен (ITA) Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спортшысы Артем Антроповтың допинг-сынамасының оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті.
Сынама 12 мамырда спортшының Кореяда өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін алынды. Бүгінгі күні спортшылар допингке қарсы ережелерді бұзу туралы хабарлама алды. Олардың әрқайсысы бойынша соңғы шешім толық тергеуден кейін қабылданады. Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілді.