Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Румыниядағы турнирде күміс алды
Басқа
ҰОК
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ұлттық құрама аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. 01:34:56 уақыт көрсеткен Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко екінші сатыдан көрінді. Румыния құрамасы 01:34:31 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті 01:35:42 уақыт көрсеткішімен Түркия құрамасы түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Диана Ержанова жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.