Ролан Гаррос: Новак Джокович журналистерге “Қазақстан” шоколадын сыйлады

Ролан Гаррос: Новак Джокович журналистерге “Қазақстан” шоколадын сыйлады
Теннис

Getty Images

Теннистен “Үлкен дулыға” жарыстарының 22 дүркін жеңімпазы сербиялық Новак Джокович “Ролан Гаррос” турниріндегі журналистерге ерекше сый жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Турнирдегі матчтардың бірінен кейін журналистер баспасөз мәслихаты өтетін орынға банан, су мен құрам әкелген. Ал теннисші БАҚ өкілдеріне "Қазақстан" шоколадын ұсынған. 

Теннисші Жан Буин стадионына келген журналистерді байқап, оларға сыйлық жасауға шешім қабылдаған екен.

Айта кетейік, Новак Джокович "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалында испаниялық Карлос Алькараспен шеберлік байқасады.