ҚХЛ клубтарының бірі Әлихан Өмірбековке қызығушылық танытып отыр

ҚХЛ клубтарының бірі Әлихан Өмірбековке қызығушылық танытып отыр
Хоккей

Ольга Бугаева

Латвияда өткен әлем чемпионатынан кейін Құрлықтық хоккей лигасы клубтарының бірі Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Әлихан Өмірбековке қызығушылық танытты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің элиталық дивизионында жас хоккейші сенімді ойын көрсетті. Өткен маусымда 21 жастағы форвард "Номадпен" бірге Қазақстан чемпионы атанды. 

Тұрақты маусымда 42 ойын өткізген Әлихан Өмірбеков 33 (10+23) ұпай, ал плей-оффтың 17 матчында 7 (4+3) ұпай еншіледі.

Сонымен қатар, Әлихан Өмірбеков Лейк-Плэсидтегі қысқы Универсиадада ойнап, қола жүлдегер атанды. 

Дереккөз: shaiba.kz