Роман Старченко жаңа клуб іздеп жатқанын мәлімдеді

Роман Старченко жаңа клуб іздеп жатқанын мәлімдеді
Хоккей

"Барыс" ХК

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Старченко журналист Иван Резванцевке берген сұхбатында мансабын қалай жалғастыратыны туралы айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Мәскеулік клубпен келісімшартым аяқталды. Жаңа клубты агентім іздеп жатыр. “Барысқа” қайта ораламын ба? Әзірге нақты айта алмаймын. Жақын арада бәрі белгілі болады. “Спартакта” қолымнан не келмеді? Мұнда маған қатысты да емес себептер бар. Маусым барысында клуб жүйесінде 50-60 хоккейші ойнады. Оған қоса, бапкеріміз үш рет ауысты. Мәскеу туралы ойым тек жақсы жаққа өзгерді. Көрінгендей қатал емес екен”, - деді Роман Старченко.