Анастасия Рыпакова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Басқа
Қазақтың жеңіл атлет қызы Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Спортшы ұзындыққа секіру сайысында фавориттердің бірі болған. Бірақ ол осыдан бір ай бұрын Қазақстан чемпионатындағы (6,21 м) және қыстағы (6,25 м) нәтижелерін тіркей алған жоқ.
Азия біріншілігінде 5,9 м нәтижесімен Анастасия Рыпакова қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың алтын медалі қытайлық Хуань Иньиньге, күміс үндістандық Сусмитаға бұйырды.