Надежда Дубовицкая, жеңіл атлет: Үздік адамдар әрдайым қарапайым болып келеді

Надежда Дубовицкая, жеңіл атлет: Үздік адамдар әрдайым қарапайым болып келеді
Басқа

24 жастағы Надежда Дубовицкая – Қазақстандағы болашағынан үміт күттіретін жеңіл атлеттердің бірі. Ол Семей қаласының тумасы. 2022 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатында қола медаль алды. Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының қарсаңында bassport.kz тілшісі спортшымен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Надежда, жеңіл атлетика жарыстары қысқы және жазғы болып, екі маусымға бөлінеді. Саған ашық стадионда секірген немесе манеждің ішінде жарысудың қайсысы ұнайды?

– Мен жабық кешенде өнер көрсеткенді ұнаматын. Неге екенін түсіндіре алмаймын. Бірақ манеждің ішінде мен өзімді жақсы сезінемін. Өздеріңіз білесіз, әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдемді де осы жабық кешеннен жеңіп алдым.

– Осыдан 4-5 жыл бұрын нәтижелерін аса мәз болмады. Ал кейінгі 1-2 жыл көлемінде көрсеткішін бірден жақсарды. Осының себебі неде?

– Бірінші кезекте жеке бапкерім ауысты. Марина Аитова секілді Азия ойындарының чемпионын тәрбиелеген Михаил Фроловтың қарамағанна өттім. Көрсеткішім жақсара түсті. Сосын елдегі ішкі бәсекелестік өсе бастады. Жас қыздардың арасында таланттылары бар. Олар жақсы нәтиже көрсете бастады. Мұның бәрі менің шыңдалуыма себепкер. Ең бастысы, бәсекелестік, жаттығуға деген жауапкершілік және психология деп айтар едім

– Қазір басты мақсатың қандай?

– Басты мақсат әлем чемпионатының нормативін орындау. Мен рейтинг бойынша да қатыса аламын. Бірақ норматив арқылы жолдама алғым келеді.

– Биыл екі маңызды жарыс бар. Біреуі Азия ойындары болса, екінші әлем біріншілігі. Басымдықты қайсысыңа бересің?

– Жазғы маусымда екеуінде бөліп жармаймыз. Екі жарыста да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз.

– Мұны сұрап жатқаным, құрамадағы әріптесіңіз Ольга Сафронова тек Азия ойындарына қатсамын деп айтты...

– Азия ойындары да маңызды. Төрт жылда бір рет өтеді. Бұған дейін 2018 жылы Индонезияда қола медаль еншілгенмін. Осы жолы алтын әкелуім керек. Сонымен қатар дүние жүзінің мықтылары жиналатын әлем чемпионатынан да қалыс қалмаймыз.

– Сары құрлықта басты бәсекелестерің кім?

– Бірінші кезекте Өзбекстан қыздары. Сосын өзіміздің де спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Кристина Овчинникова мен Елизавета Матвеева бар.

– Әлемдік деңгейдегі спортшылармен араласып тұрасың ба? Мысалы, биіктікке секіруде лидер украиналық Ярослава Магучихпен қарым-қатынасың қалай?

– Жарыс кезінде сөйлесіп тұрамыз. Біз жұлдыздармен әңгімелесу қиын деп ойлаймыз ғой, Бірақ шын мәнінде бәрі керсінше. Олар қарапайым келеді. Лев Толстойдың «Үздік адамдар әрдайым қарапай келеді» дегені сөз бар ғой. Соған анық көзім жетті. Қазір әлемдік жарыстарға жиі барып жүргендіктен қарым-қатынасымыз жақсы.

– Жеңіл атлетиканы «Спорт падишасы» деп жатамыз. Дегенмен, мұндай спортқа да жарнама, медиа тұлғалар керек. Кезінде Усейн Болт болды. Ал қазір кімді айта аласыз?

– Бірінші кезекте сырықпен секіруші, Арман (Мондо) Дюплантис деп ойлаймын. Бірнеше жыл мұрты бұзылмаған рекордтарды жаңартты. Медиа жағынан да жарнамасы жоғары. Одан кейін биіктікке секіруші, Олимпиада чемпионы, италиялық Джанмарко Тамбериді ерекше айта аламын.