Өзіне сенген жоқ: Бас бапкер Азамат Дәулетбековтің әйгілі Тейлордан неге ұтылғанын айтты

Өзіне сенген жоқ: Бас  бапкер Азамат Дәулетбековтің әйгілі Тейлордан неге ұтылғанын айтты
Күрес

Күрес түрлерінен Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені Азамат Дәулетбеков салды. Ол қатарынан екінші рет қола медаль иеленіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына тікелей жолдама ұтып алды. Осы орайда, бас бапкер Мадияр Құрамысов Азаматтың белдесуіне қатысты пікір білдірді.

-Мадияр мырза, Азамат қатарынан екінші рет әлем чемпионатының жартылай финалында Дэвид Тэйлордан ұтылды. Оны жеңу мүлде мүмкін емес пе?

Жеңуге болады. Бірақ осы жолы Азамат Дэвидпен белдескенде өз күшіне сенбеді. Төрттағанда қате жіберді. Аяғынан ұстаймын деп, қолын қарсыласына беріп қойды. Өзіне сенбеді.

- Ал қола медаль үшін күресте Азамат өте сылбыр белдесуіне не себеп?

Өйткені, өте сақ күресті. Сол сақ күресуінің салдарынан қарсыласына мүмкіндік беріп қойды.

- Шапиев пен Дәулетбеков бұрын-соңды кездеспеген екен...

- Иә, бұған дейін бахрейндік Магомед Шапиевпен біздің балуанымыз күрескен жоқ. Ол 92 келіде белдескен жігіт. Олимпиадалық салмаққа ауысып келді. Әлем чемпионатында бірінші рет жолығып отыр.

-Азамат Азия ойындарына дейін қалпына келіп үлгере ме?

- Екі аптадай уақыт бар. Осы дайындықты жалғастырып әкетеді. Бұйырса, Азия ойындарында жақсы күрес көрсетеді деп сенемін.