«Ақтөбе» клубына атақты «Фенербахче» клубының қазақстандық түлегі келді

Б.Төлеуов
Б.Төлеуов
«Ақтөбе» клубына атақты «Фенербахче» клубының қазақстандық түлегі келді
Футбол

Маусымаралық үзіліс кезінде «Ақтөбе» клубы құрамын күшейту үшін жанталасып жатыр. Команда Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына көптеген ойыншыларды шақырған. Солардың арасында Анадолы елінде футбол әліппесін үйренген  Микаэль Асқаров та бар, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.


Ол 2002 жылы Шымкент қаласында дүниге келген. Бұл қалада 9 жыл тұрған. Кейіннен 2011 жылы ата-анасымен бірге Түркияға көшіп кеткен. Дегенмен, Қазақстан азаматтығы сақталып қалған. 2018 жылы Микаэль Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырылды. Кейіннен жастар құрамасына алынып жүрді. 21 жасқа дейінгі құрамада 3 ойын өткізген.


Асқаров – сол қапталдағы қорғаушы. «Адана Демирспор» клубының жастар құрамсында ойнайды. Бұған дейін Түркияның  «Фенербахче» клубында футбол әліппесін үйренген. Бір мәрте бас команданың негізгі құрамына да шыққан. «Бавария» сапында Чемпиондар лигасында топ жарған Луис Густава секілді футболшылармен бірге жаттығу жасаған.


Былтырғы маусымда «Адана Демирспор» клубының жастар құрамасында доп тепті. Ал бұл клубтың негізгі құрамында Папа Ндидай, Юнес Беланда, Биркир Бьяднасон деген секілді ойыншылар бар.


Жалпы, Түркия футбол мектептерінде Қазақстанда дүниеге келген екі ойыншы тәрбиленген. Біреуі, осы Микаэль  Асқаров болса, екіншісі Тараздың тумасы Равиль Тагир. Ол «Алтынорда», «Ыстамбұл Башахшекир» клубтарында өнер көрсетті. Қазіргі кезде Бельгияның «Вестерло» клубында ойнайды. Асқаровта Қазақстан азаматтығы болса, Тагир Түркия азаматты.