Құрлықтық хоккей лигасының чемпионаты Олимпиададан кейін жалғасады

Құрлықтық хоккей лигасының чемпионаты Олимпиададан кейін жалғасады
Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы Олимпиада ойындары кезіндегі үзілісте ойындарды өткізбеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі Хоккей Лигасының ресми сайтына сілтеме жасап. ҚХЛ клубтар арасында «Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына орай чемпионаттағы үзіліс кезінде ойындар өткізуге дайынсыздар ма?» деген тақырыпта сауалнама жүргізген. Оның нәтижесінде Лигадағы 24 клубтың 16-сы «қарсымыз» деп жауап беріпті. Осылайша Лига клубтардың мүдделерін ескере отырып, олимпиадалық үзіліс кезінде ойындар өткізбеу туралы шешім шығарды. ҚХЛ биылғы маусымының қалған бөлігін өткізу форматына қатысты түпкілікті шешім ақпанның 10-нан кейін жарияланбақ.