«Астананың» жаңа ойыншысы Шакур Джустонның бірегейлігі мен трагедиясы

«Астананың» жаңа ойыншысы Шакур Джустонның бірегейлігі мен трагедиясы
Баскетбол

Биылғы жылдың мамыр айында «Астана» баскетбол клубының құрамы мол әрі қызықты бэкграунды бар америкалық ойыншымен толықты. Джустонның өзінді ойын философиясы бар және паркетте ол соны ұстанады. Оның үстіне ол үшін жеке жетістіктер бірінші орында емес, ал баскетболшының басты мотивациясы чемпиондық атаққа қол жеткізу емес.

Болашағынан зор үміт күттіретін шабуылшы 1996 жылы Ньюаркада (Нью-Джерси, АҚШ) дүниеге келген. Ойыншы ретінде қалыптасу мен өзіндік стилін табу жолында Джустон америкалық баскетбол дамуының біріздендірілген әрі аяусыз жүйесінің барлық сынағынан өтті.

Ол талантты ойыншылар арасында жүргізілген қатаң іріктеу мен таңдауға ғана емес, өзі өнер көрсеткен командалар жанкүйерлерінің сынына да шыдас бере алды.

Оған бәрінен де Канзаста өнер көрсету оңайға соқпады. Жанкүйерлер бірінші курс студенті бола тұра, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алған жас баскетболшыны бірден қабылдай алмады.

Джустонның Лас-Вегастағы құрамаға бірден сіңіп кетпегенін айта кету керек, өйткені ол паркете Брэндон Маккойдың көлеңкесінде жүріп өнер көрсетті. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ғана оаған БАҚ назары ауып, жанкүйелердің махаббатына бөленді.

Кейін ол жас баскетболшылардың үлкен ойынға қадам басуында жол сілтеушіге айналды. Ол өзі басынан өткерген бар қиындықты білетін және әртүрлі командадағы әрбір жаңа ойыншыға көмектесуге тырысатын.

«Менің жаңа ойыншы бола тұра, бастапқы құрамда ойнайтыным көп адамға ұнаған жоқ. Алайда ешнәрсеге қарамастан алға қарай қадам баса бердім. Мен үшін бұл мотивация болды. Барлық жас ойыншыларға айтарым, сын мен мінге мән бермеңіздер. Тек өз ойындарыңызды ойнаңыздар. Алаңға шығып, бар қабілеттерініңізді көрсетіңіздер».

Шакур ойыншы ретінде ашыла бастаған сәтте, сарапшылар оны көшбасшылардың бірі болады деп болжады. Алайда шабуылшының матч кезінде алдыңғы қатарға шығуға құштар еместігі көп адам үшін күтпеген жай болды. Бұл оның амбициясы мен мүмкіндіктері емес, ойнау стилі жайында. Джустонның философиясы ойын эгоизміне негізделмеген. Ол – альтруист және бұл алаңда көрініс табады.

«Мен бүкіл өмірім бойы осындаймын. Мен – топ артындағы қасқырмын. Негізінде, мен ешқашан адамдар назарының орталығында болып көрмегенмін. Себебі, маған алыстан басқарған ұнайды, бақылауда ұстау – жеңіл. Оған қоса, өз жұмысымды атқара беремін».

Оның ойынынан селқостықты байқау мүмкін емес. Ол эмоция мен амбицияларға ерік бермей, командаға ойнай алатын нағыз көшбасшыны еске салады. Оның үстіне ол қажет кезінде салқынқанды бола алады. Бұған оны тек баскетбол емес, өмір де үйреткен. 14 жасында ол нағыз трагедияны басынан кешірген. Үйінен бірнеше көше жерде бәз біреулер оның көлікте отырған 19 жастағы, әкесінің орнын басып жүрген ағасы Шадирді атып кеткен.

Ирвингтон қалашығындағы атыс дауысы қарапайым құбылыс болатын. Сондықтан да Джустон оған аса мән бере қоймаған. Оған қоса, ол оқиға орны жанынан өткен, бұл туралы полицияға өзі хабар берген. Ол куәгер болып, оқ атқан адамның қай жаққа қашып кеткенін де көрсеткен. Кеудесіндегі бос орынды ол баскетболмен толтырып, ағасы үшін ойнайды.

«Бұны еңсеру маған өте-өте қиынға соқты. Сенің арқа сүйер ағаң… Жүрегімнің бір бөлшегін жұлып алғандай күй кештім. Отбасым да дәл осындай күйде болды. Бірнеше жыл бәрімізге де қиын болды. Алайда біртіндеп аяққа тұра бастадық. Әр ұпайды тек бір мақсат үшін олжалаймын: мен ағам мен отбасым үшін ғана баскетбол ойнаймын», - деді Шакур.

Мектеп жылдарында және одан кейін Джустон өзін дамытуды жалғастырып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Мәселен, оның еншісінде бес дабл-дабл бар. Сондай-ақ, ол Хатчинсон муниципалды колледжі маусымы тоғыз ойынының жетеуінде тарихтағы үшінші трипл-даблды жасады. Джустонның кәсіби мансабы 2021 жылдың ақпан айында басталған. Онда ол «Мемфис Гриззлис» ҰБА командасының фарм-клубы «Мемфис Хастл» ойыншысы атанды.

Артынша ол Еуропаға кетіп, грекиялық «Ариспен» келісімшартқа қол қойды. Кейін «Перистери» (Грекия), «Ольденбург» (Германия) және «Марусси» (Грекия) клубтары сапында өнер көрсетті. Қазіргі таңда ол «Астана» сапын толықтырды және алда команданың турнирлік кестедегі мақсаттарына қол жеткізу үшін көмектеседі.