Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі беделді турнирде 5 медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі беделді турнирде 5 медаль жеңіп алды
Жекпе-жек

ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Аталған бәсекеде ұлттық құрама спортшылары бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей алтын медаль жеңіп алды. Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.