Сириустағы турнир: Отандастарымыз керлингтен қола медаль еншіледі
Қысқы спорт
ҰОК
Қазақстан ерлер құрамасы Ресейдің Сириус қаласында өткен керлингтен Sirius International 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалда отандастарымыз «Ресей-3» командасына 3:5 есебімен жол берді.
Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы «Ресей-1» командасын 7:5 есебімен жеңді.
Осылайша, ұлттық құрама турнирді үшінші орынмен аяқтады.