Кезекті жолдама: әртістік жүзуден қоржында Париж лицензиясы түсті

Кезекті жолдама: әртістік жүзуден қоржында Париж лицензиясы түсті
Жүзу

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында әртістік жүзуден лицензия иегерлері анықталды, деп жазады Bassport.kz.

Командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай, дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Ясмин Тұяқова мен 🇰🇿Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті.