Роман Старченко: “Жігіттер, мен сендермен мақтанамын”

Роман Старченко: “Жігіттер, мен сендермен мақтанамын”
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Роман Старченко әлем чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

”Жігіттер, барлығыңа чемпионат үшін рақмет. Сендермен бірге ойнағаныма қуаныштымын әрі сендерді мақтан тұтамын. Барлық жанкүйерлерге қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін!”, - деп жазды Роман Старченко Instagram парақшасында.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңді алтыншы орында аяқтап, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.