“Ювентус” А Сериясындағы 10 ұпайынан айырылды

“Ювентус” А Сериясындағы 10 ұпайынан айырылды
Футбол

Италия футбол федерациясының федералды аппелялциялық соты (FIGC) махинация жасағаны үшін “Ювентусқа” жаза қолданып, ел чемпионатындағы 10 ұпайынан айырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл шешім шығарылғанға дейін команда 69 ұпаймен А сериясы турнирлік кестесінде екінші орында келе жатқан. Енді туриндік команда 59 ұпаймен жетінші орында келеді. 

Қаңтар айында FIGC капиталды ұлғайту мақсатында трансферлік бағаны әдейі өсіргені үшін “Ювентустың” 15 ұпайын шегерір, клубтың кейбір қызметкерлерін футболдан шеттеткен. Бірақ, клуб сот шешімін аппеляцияға берген соң, ол қайта қаралып, ұпайын қайтып алған еді.