ӘЧ-2026: Аргентина мен Англия финал жолдамасын сарапқа салады
Коллаж: Offside.kz
Футболдан ӘЧ-2026 турнирінің екінші финалисі бүгін түнде анықталады. АҚШ-тың Атланта қаласында қос алпауыт - Аргентина мен Англия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz.
Осыған дейін ширек финалда Англия Норвегияны (2:1), ал Аргентина Швейцарияны (3:1) қосымша уақытта жеңген болатын.
Ал, кеше ғана Францияны 2:0 есебімен қапы қалдырған Испания құрамасы финалға бірінші болып шыққан еді. Бүгінгі айқастың жеңімпазы жексенбі, 19 шілде күні өтетін бас матчта осы испандармен чемпиондық атаққа таласады, ал жеңілген команда қола жүлде үшін Франциямен кездеседі.
Томас Тухель баптайтын Англия құрамасы араға 60 жыл салып кубокты «үйіне қайтаруды» көздесе, 39 жастағы Лионель Месси бастаған қазіргі әлем чемпиондары қатарынан екінші рет мундиалдың алтынын алуды мақсат тұтып отыр.