Нағыз триллер: Англия мен Франция 10 гол соққан матчта әлем чемпионатының қола жүлдегері анықталды
Getty Images
Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Майамидегі Hard Rock Stadium аренасында өткен үшінші орын үшін матч нағыз голдар шоуына айналды. Бірінші таймда Деклан Райс (3'), Эзри Конса (18') және дубль жасаған Букайо Саканың (37', 45+1') арқасында ағылшындар 4:0 есебімен алға шықты.
Екінші таймда Франция сапынан Килиан Мбаппе (48', 66') мен Брэдли Баркола (54') гол соғып, есеп айырмасын 3:4-ке дейін қысқартқанымен, Англия жеңісті қолдан берген жоқ. Ойын соңында Букайо Сака (87') пенальтиден хет-трик рәсімдесе, Усман Дембеленің (90+6') жауапты голына Джуд Беллингем (90+8') соңғы нүктені қоятын соққымен жауап берді.
Бул — Англия құрамасының 1966 жылғы чемпиондықтан кейінгі өз тарихындағы екінші әлемдік жүлдесі. Енді турнирдің бас чемпионы Испания мен Аргентина арасындағы финалда анықталады.