Александр Бублик әлемнің төртінші ракеткасына есе жіберіп, Римдегі жарыспен қош айтысты
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Римде өтіп жатқан АТР 1000 сайысының төртінші кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз жарыстың 1/16 финалында әлемнің төртінші ракеткасы Каспер Руудпен кездесіп, 1:6, 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бұған дейін жарыстан Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева шығып қалған еді. Ол әлемнің бесінші ракеткасы Коко Гауффқа есе жіберген болатын.