«Атырау» украиналық легионерді қатарына қосты
Футбол
Украиналық шабуылшы Максим Дегтярев «Атырау» ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Футболшы биылғы қаңтар айынан бері клубсыз жүрген. Ал өткен маусымда «Тараз» сапында ойнаған. Шабуылшы спорттық карьерасын 2011 жылы Украинаның «Сталь» (Алчевск) клубынан бастаған.
Сондай-ақ «Металлург», «Авангард», «Полтава», «Олимпик» клубтарында да өнер көрсеткен. Ал соңғы үш маусымда «Десна» намысын қорғаған.
Transfermarkt мәліметінше, футболшының құны 150 мың еуроны құрайды.