Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді
Бокс

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

54 келіде өнер көрсететін Сабырхан жартылай финалда кубалық Йосвани Вейтияны жеңді. «Қазақтың Ломаченкосының» қарсыласы – белді боксшы. Әлем чемпионаттарында жеңімпаз да, жүлдегер де атанған. Соған қарамастан Махмұд төрешілердің ортақ шешімімен қарсыласын жеңіп, финалға қадам басты.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай алғаш болып әлем біріншілігінің финалына шыққанын жазғанбыз

Кешкі сессияда тағы үш боксшымыз – Дулат Бекбауов (61 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.