Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты
Бокс

Қазақстандық боксшы алғаш болып әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Құрама сапынан Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді. 48 келі салмақта жарыс жолына шыққан отандасымыз ресейлік Эдмонд Худоянды 5:0 есебімен жеңіп, жаһандық доданың финалына жолдама алды.

Санжардың ақтық бәсекедегі қарсыласы Сахил Аллахвердови (Грузия) болады.

Енді шаршы алаңда тағы төрт боксшымыз финалдың жолдамасын сарапқа салады.