"Абибаның мазасы кетті": Бас бапкер Әбужақынованың неліктен жеңілгенін мәлімдеді
Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев құраманың басты жұлдызы Абиба Әбужақынованың неліктен жеңілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Естеріңізде болса, Әбиба әлемдік сынның жартылай финалына дейін жетіп, ең соңында жүлдесіз қалған болатын.
"Абибаның жарақаты бар. Иығы ауырып, мазасы кетті, Сондықтан, екі қолымен де күресе алмады. Бұл жарақаты бұрыннан бар. Осы чемпионат кезінде тағы да шықты.
Негізі, былтырғы әлем чемпионатында Абиба да, ол ұтылған Ассунта Скутто да үшінші орын алған. Былтырғы "Мастерс" турнирінде де Ассунтаға есе жіберді. Жарақаты болған соң, дұрыс күресе алмады.
Бірақ Абиба медаль алады деп ойлағам. Өкінішке қарай, ұтылды", - деді Ерлан Алпысбаев.
Айта кетелік, Абиба жартылай финалда франциялық Шырын Баклиден (Франция) ұтылса, қола медаль үшін күресте италиялық Ассунта Скуттоға есе жіберді.
Биылғы әлем біріншілігінде қазақ дзюдошыларында әзірге жүлде жоқ.