Әлем чемпионаты: Ұлттық құрама капитаны жарыс жолын бастайды

Әлем чемпионаты: Ұлттық құрама капитаны жарыс жолын бастайды
Бокс

Әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде Ташкент рингіне екі боксшымыз көтеріледі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақтың екі былғары қолғап шебері де Астана уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда өнер көрсетеді.

Алдымен шаршы алаңға 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дулат Бекбауов шығып, румыниялық Андрей Мустетпен жұдырықтасады. Одан кейін ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) Тобаго Аарон Принспен (Тринидад) кім мықтыны анықтайды. 

Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Qazsport арнасынан тамашалауға болады.