Майк Тайсон блогерден ұтылып қалды

Майк Тайсон блогерден ұтылып қалды
Бокс

Netflix

Американың Арлингтон қаласында өткен бокс кешінің басты оқиғасы – Майк Тайсон мен блогер-боксшы Джейк Пол арасындағы жекпе-жек – сенсациямен аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

58 жастағы Майк Тайсон рингке 19 жылдық үзілістен кейін, Кевин Макбрайдтан жеңілген соң шықты. Жасына қарамастан, “Темір” Майк тамаша физикалық формада оралып, өзінің қайтпас мінезін сақтап қалғанын көрсетті. Тіпті, салмақ өлшеу рәсімінде Джейк Пол кездесу алдындағы көз түйістіру кезінде Тайсонның аяғын басып кеткенде, Майк бірден қарсыласын шапалақпен “сабасына түсірді”.

Алайда, 8 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Джейк Полға берді.

Есеп: екі рет 79-73 және бір рет 80-72.

Бұл жекпе-жек Тайсонның қайта оралуын ғана емес, сонымен қатар Джейк Полдың кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді.